02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.