02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Санчо Астон Виллаға жалға өтті

Санчо Астон Виллаға жалға өтті

Джейдон Санчо Бирмингемнің «Астон Вилла» клубының ойыншысы атанды — клуб «Манчестер Юнайтедтің» қанатшысын ағымдағы маусым соңына дейін жалға алды, деп хабарлайды «Астон Вилланың» ресми сайты.

Журналист Саймон Стоунның мәліметінше, Бирмингем клубы футболшының жалақысының 80 пайызын өз мойнына алады — бұл көрсеткіш белгілі бір бонустық шарттар орындалған жағдайда 100 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Өткен маусымда Санчо «Челсиде» жалға алу негізінде өнер көрсетіп, Премьер-лигадағы 31 ойында үш гол соғып, төрт голдық пас берді.