02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси қорғаушысы Чилуэлл француздық Страсбурға ауысады

Челси қорғаушысы Чилуэлл француздық Страсбурға ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Бен Чилуэлл лондондық «Челсиден» кетеді — қорғаушы мансабын «Страсбурда» жалғастырады.

Француз клубы «Челсимен» 28 жастағы футболшының трансфері туралы келісімге келді — ойыншы жаңа командамен екі жылдық келісімшартқа қол қояды.

Бұл жазда «Челсиден» «Страсбурға» алтыншы ауысу.

  • қақпашы Майк Пендерс (жалға алу)
  • жартылай қорғаушы Кендри Паес (жалға алу)
  • қорғаушы Мамаду Сарр (жалға алу)
  • жартылай қорғаушы Матис Амугу (трансфер)
  • қорғаушы Ише Сэмюэлс-Смит (трансфер)