01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» жаңа маусым алдындағы алғашқы текетіресте жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» жаңа маусым алдындағы алғашқы текетіресте жеңіске жетті

Астанада өткен бақылау кездесуінде «Барыс» хоккей клубы ресейлік «Сібір» командасынан 3:1 есебімен басым түсті.

Матчтың 22-минутында Кирилл Савицкий Әлихан Өмірбековтің дәл пасын голға айналдырып, есепті ашты. Сол сәттен көп ұзамай Джейк Масси мергендігімен көзге түсіп, елордалық клубты алға жетеледі. Қонақтар сапынан Скотт Уилсон 29-минутта бір шайбамен жауап қатты. Дегенмен, 58-минутта Әлихан Әсетов шешуші голын соғып, ойынды түйіндеді.

Осылайша, «Барыс» жанкүйерлеріне жаңа маусым қарсаңында қуаныш сыйлады. Екі клуб арасындағы екінші матч 2 қыркүйек күні 18:00-де өтеді.

Айта кетейік, қазақстандық команда ҚХЛ-дағы алғашқы үш ойынды өз алаңында өткізеді: 7 қыркүйекте — «Трактормен», 9 қыркүйекте — «Амурмен», ал 13 қыркүйекте — «Динамо-Минскімен» күш сынасады.