01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона Ла Лига матчында Райо Вальеканоны жеңе алмады

Барселона Ла Лига матчында Райо Вальеканоны жеңе алмады

Испания Ла Лигасының үшінші турында Барселона Райо Вальеканомен тең түсті — Кампо де Вальекас стадионындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Каталон клубы бірінші таймның соңында алға шықты — 40-ші минутта Ламин Ямаль өзі алған пенальтиді сәтті орындады. Үзілістен кейін қожайындар тепе-теңдікті қалпына келтірді — 67-ші минутта Франсиско Перес нақты соққы жасады.