28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» — «Қайсар» матчы бүгін елордада өтеді

«Астана» — «Қайсар» матчы бүгін елордада өтеді

Бүгін елордада Қазақстан Премьер-Лигасының 19-шы турының кейінге қалдырылған «Астана» мен «Қайсар» арасындағы матчы өтеді. Ойын 20:00-де басталады, тікелей трансляция KFF League YouTube арнасында көрсетіледі.

Турнир кестесінде «Астана» екінші орында тұр — 20 матчтан кейін команданың 43 ұпайы бар, бұл көш бастап тұрған «Тобылдан» бір ұпайға кем. 21 ойын өткізген «Қайсар» 19 ұпаймен 11-ші орында тұр.