28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«МЮ» маусымды сәтсіз бастады: үш ойында жеңіс жоқ

«МЮ» маусымды сәтсіз бастады: үш ойында жеңіс жоқ

«Манчестер Юнайтед» күтпеген жерден Англия лигасының кубогынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия лигасының кубогы екінші айналымында Рубен Аморим жаттықтыратын «Манчестер Юнайтед» төртінші дивизион өкілі «Гримсби Тауннан» жеңіліп қалды. Негізгі ойын 2:2 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қарсылас 12:11 есебімен басым түсті.

Бұл нәтиже клуб тарихында алғаш рет тіркелді – «Манчестер Юнайтед» Англия лигасының кубогында төртінші дивизион командасынан ұтылып, жарыстан шығып отыр.

МЮ үшін маусым да сәтсіз басталды: «қызыл сойқандар» үш ойында да жеңіске жете алмады (бір тең ойын, екі жеңіліс).