28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» мен «Бавария» Джексон бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Челси» мен «Бавария» Джексон бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Бавария» Джексонды жалға алуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхеннің «Бавариясы» мен Лондонның «Челсиі» 24 жастағы шабуылшы Николас Джексонды жалға алу жөнінде келіссөздің соңғы кезеңіне жетті.

Тараптар келісімшарттың толық шарттарын әлі нақтыламағанымен, неміс клубы футболшының жалақысының барлығын өз мойнына алуға дайын.

Өткен маусымда Джексон Ағылшын Премьер-лигасында 30 матч өткізіп, 10 гол соғып және 5 нәтижелі пас берген.