28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» грек қорғаушысын сатып алу құқығымен жалға бермек

«Ливерпуль» грек қорғаушысын сатып алу құқығымен жалға бермек

«Ливерпуль» мен «Рома» Константинос Цимикастың трансфері бойынша келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ливерпуль» қорғаушы Константинос Цимикасты жалға беруге дайын. Англиялық клуб грек футболшысын қарапайым жалға беруді де, сатып алу құқығымен жалға беру нұсқасын да қарастыруда.

Қорғаушының өкілі екі клуб арасындағы келіссөзге делдал ретінде қатысып, барлық тарапқа қолайлы шешім табуға күш салуда.

Цимикас 2020 жылы «Олимпиакостан» 13 миллион еуроға «Ливерпульге» қосылған еді. Өткен маусымда ол Ағылшын Премьер-лигасында 18 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.