28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 10-орын) АҚШ ашық біріншілігінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің екінші айналымында Рыбакина 18 жастағы чех спортшысы Тереза Валентовамен (WTA рейтингінде 92-орын) кездесті. Валентова 2024 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінде жасөспірімдер арасында жекелей және жұптық сындарда жеңімпаз атанған. Қазақстандық теннисші матчты екі сетте — 6:3, 7:6 есебімен аяқтап, үшінші айналымға жолдама алды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде Рыбакина америкалық теннисші Джульетта Пареханы (WTA рейтингінде 335-орын) 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.

Сонымен қатар, биылғы US Open турнирінің жеңімпазы рекордтық 5 миллион доллар сыйақы иеленеді.