27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона әлемнің үздік жас футболшылар рейтингінде басым түсті

Барселона әлемнің үздік жас футболшылар рейтингінде басым түсті

CIES Football Observatory мәліметтері бойынша, «Барселонаның» Ламин Ямаль мүмкін 100 ұпайдың 97,7 ұпайын жинап, әлемнің үздік жас футболшылары рейтингінде көш бастады.

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы 20 жасқа толмаған ойыншыларды 2025 жылғы ойындардағы көрсеткіштері бойынша бағалады. Алғашқы ондыққа еуропалық жетекші клубтардың өкілдері енді.

Рейтингтегі үздік-10 футболшы:

  • Ламин Ямаль («Барселона») – 97,7
  • Пау Кубарси («Барселона») – 93,4
  • Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ») – 87,8
  • Эстевао («Челси»/»Палмейрас») – 86,7
  • Франко Мастантуоно («Реал»/»Ривер Плейт») – 85,4
  • Джоррел Хато («Челси»/»Аякс») – 84,0
  • Рожер Фернандеш («Брага») – 83,9
  • Майлз Льюис-Скелли («Арсенал») – 83,9
  • Жеовани Кенда («Челси»/»Спортинг») – 83,8
  • Элиас Монтьель («Пачука») – 83,2

Рейтингтегі басқа да көрнекті есімдер арасында «Арсеналдың» Итан Нванери (15-орын), «Тоттенхэмнің» Лукас Бергваллы (17-орын) және ЦСКА-ның ресейлік футболшысы Кирилл Глебов (105-орын) бар.