27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокс аңызының қызы Лейла Әли рингке оралуы мүмкін

Бокс аңызының қызы Лейла Әли рингке оралуы мүмкін

Әлемнің экс-чемпионы Лейла Әли — аңызға айналған Мұхаммед Әлидің қызы — кәсіби рингке оралуы мүмкін екенін меңзеді, деп хабарлайды Boxing Kingdom.

Бірден бірнеше миллиондық ұсыныс алдым. Жақын арада бүкіл әлем менің жауабым мен боксқа деген көзқарасымды біледі. Бірақ бұл сұраққа мен өзім қажет деп тапқан кезде ғана жауап беремін, — деді Әли.

47 жастағы спортшы WBC, WIBA, IWBF және IBA нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болған — соңғы рет ол 2007 жылдың ақпанында рингке шығып, Гвендолин О’Нилді нокаутпен жеңген. Кәсіби рингте Лейла 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.