27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Яхьяев 30 секундта жеңіске жетті

Яхьяев 30 секундта жеңіске жетті

UFC басшысы Дэйна Уайттың Претенденттер сериясында өткен жекпе-жекте түрік спортшысы, шыққан тегі чечен Абдул-Рахман Яхьяев америкалық Алик Лоренцті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айқас небәрі 30 секундқа созылды. Яхьяев қарсыласын нокаутқа түсіріп, соққысын жалғастырған сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бәсеке аяқтала салысымен трансляция камерасы UFC президентін көрсетті. Дэйна Уайттың жүзінен Яхьяевтің өнеріне таңданыс пен сенімсіздік анық байқалды.