27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдамадан айырылды

Өзбекстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдамадан айырылды

Olamsport.com хабарлауынша, Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстанның U-19 әйелдер құрамасы жарыстан шеттетілді.

Турнир ұйымдастырушылары өзбек құрамасының қатысуымен өткен барлық ойындардың нәтижелерін жойды — жартылай финалдағы орын мен 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама Қытай Тайбэйі құрамасына берілді.

Өзбекстан гандбол федерациясы 20-29 тамыз аралығында өтіп жатқан жарыстан ұлттық құраманың шеттетілу себептері туралы ресми түсініктеме әлі берген жоқ.