26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Кэрни Чуквуэмека «Боруссияның» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Кэрни Чуквуэмека «Боруссияның» ойыншысы атанды

Дортмундтық «Боруссия» жартылай қорғаушы Кэрни Чуквуэмеканы қатарға қосты. Келісімшарт мерзімі — 2030 жылдың жазына дейін. Трансфер құны 25 млн еуро деп хабарланды.

Бұған дейін клуб бас бапкері Нико Ковачпен арадағы келісімшарттың мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылған еді.

Чуквуэмека жаңа маусымда «Боруссияның» орта шебін күшейтіп, ішкі біріншілік пен еурокубоктардағы мақсаттарға үлес қосуды көздейді.