26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» жаңа ойыншысы Тайс Томпсонның жалақысы белгілі болды

«Барыс» жаңа ойыншысы Тайс Томпсонның жалақысы белгілі болды

Shaiba.kz мәліметінше, американдық шабуылшы Тайс Томпсонның «Барыспен» келісімшартының қаржылық талаптары белгілі болды — хоккейшінің жалақысы 30 миллион рубльді (200 миллион теңге) құрайды.

26 жастағы шабуылшы — 2019 жылғы НХЛ драфтында «Нью-Джерси Девилз» командасының 96-шы нөмірмен таңдауы. Әлемнің басты хоккей лигасында Томпсонның еншісінде — 11 ойын және бір нәтижелі пас бар.

Өткен маусымда американдық шабуылшы фарм-клуб «Бриджпорт Айлендерс» сапында өнер көрсетті — АХЛ тұрақты чемпионатының 65 кездесуінде хоккейші 21 ұпай жинап, 8 шайба соғып, 13 нәтижелі пас берді.