26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Liquid бапкері The International 2025 алдында уәде берді

Team Liquid бапкері The International 2025 алдында уәде берді

Team Liquid бапкері Уильям «Blitz» Ли қыркүйекте Гамбургте өтетін Dota 2 бойынша The International 2025 басты турнирі қарсаңында маңызды мәлімдеме жасады.

Liquid үшін тағы бір титул жеңіп алғанша тоқтамаймын. Бұны сіздерге уәде етемін, — деп жазды бапкер X әлеуметтік желісінде.

Team Liquid — The International-дың екі дүркін чемпионы, команда титулдарды 2017 жылы Сонг «Heen» Го Лидің жетекшілігімен және өткен жылы командаға алты жыл бойы жаттықтырушылық етіп келе жатқан Уильям «Blitz» Лимен жеңіп алды.

The International 2025 4-14 қыркүйек аралығында Гамбургте өтеді — әлемнің 16 мықты командасы $2,1 млн көлеміндегі жүлде қоры үшін таласады.