26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Америкалық хоккеист Томпсонның «Барыспен» келісімшарты белгілі болды

Америкалық хоккеист Томпсонның «Барыспен» келісімшарты белгілі болды

«Барыстың» жаңа ойыншысы Тайс Томпсонның жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Shaiba.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық клуб «Барыспен» келісімшартқа қол қойған америкалық шабуылшы Тайс Томпсонның табысы жайлы мәлімет жарияланды. Журналист Артур Хайруллин таратқан ақпаратқа сәйкес, хоккеистің жылдық жалақысы шамамен 200 миллион теңгені құрайды.

Томпсон 2019 жылғы НХЛ драфтында «Нью-Джерси Девилз» клубы тарапынан 96-нөмірмен таңдалған. Сол лигада ол 11 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Өткен маусымда 26 жастағы спортшы АХЛ-дағы «Бриджпорт Айлендерс» сапында ойнап, 65 матчта 21 (8 гол, 13 пас) ұпай жинады.