26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина US Open-те жасөспірімдер арасындағы әлем біріншісін жеңді

Рыбакина US Open-те жасөспірімдер арасындағы әлем біріншісін жеңді

Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Ашық чемпионатындағы жекелей сайысын сәтті бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы, ересектер рейтингінде 338-орында тұрған америкалық Джульетта Парехамен кездесті.

Рыбакина 16 жастағы қарсыласымен күресте айтарлықтай қиындық көрмеді — матч 6:3, 6:0 есебімен Қазақстан өкілінің пайдасына аяқталды.

Өткен жылғы US Open-де Елена Рыбакина бастапқы кезеңнен өткенімен, денсаулық мәселелеріне байланысты екінші айналым алдында турнирден шығуға мәжбүр болған.