25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фарух Тохтасунов: маған кәсіпқой бокс көбірек ұнайды

Фарух Тохтасунов: маған кәсіпқой бокс көбірек ұнайды
Қазақстан боксшы Фарух Тохтасунов Pulse Fighting ютуб арнасына берген сұхбатында өзіне кәсіпқой бокс жақын екенін айтты.
Шынымды айтсам өзіме кәсіпқой бокс көбірек ұнайды. Стильімде соған сай келеді. Көбісі солай айтады. Бізде халық әуесқойда жүрген боксшыларды көбірек бағалайды. Бір жағынан алдымен әуесқой бокста біраз шыңды бағындыруым қажет. Кейін кәсіпқой боксқа ауысқанымда рейтингте бірден көтерілуге оңай болады.
Айта кетейік, Фарух Тохтасунов Странджа кубогының күміс жүлдегері.