25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Селтик» футбол клубының бас бапкері ертеңгі ойын жайында пікірімен бөлісті

«Селтик» футбол клубының бас бапкері ертеңгі ойын жайында пікірімен бөлісті

«Қайрат» — «Селтик» командалары арасындағы ойын алды баспасөз мәслихатында «Селтик» футбол клубының бас бапкері Роджерес Брендан ертеңгі ойын жайында пікір білдірді.

Бізде ешқандай қысым жоқ. Барлық жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Алдымыздағы мақсатты біз де, ойыншылар да жақсы біледі. Қазақстанға дейінгі ұзақ сапар ертеңгі ойынға еш әсер етпейді. «Қайрат» та дәл осындай жолдан кейін жақсы ойнады. Сондықтан ұзақ сапар бізге де кедергі болмайды.

Брендан алғашқы ойынға көңілі толатынын айтты:

Алғашқы ойынға мен разымын. Өйткені ішкі чемпионатта біраз уақыт бойы ойнаған жоқпыз. Соған қарамастан, ойыншылар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Дәл сондай ойынды ертеңгі кездесуде де күтемін.

Сонымен қатар, бас бапкер менсінбеушілік болмайтынын айтты:

Біз әрдайым қарсыластарымызды бағалай білеміз. Тек бірінші таймда өзіміз қалаған ойынды көрсете алмадық. Барлығы өзімізге байланысты. Ойыншыларымыз ертеңгі кездесуді тағатсыздана күтуде. Ешқандай түсінбестік жоқ.

Айта кетейік, матч ертең 21:45-те Алматының орталық стадионында өтеді.