25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе «Реалдағы» гол санын арттыруын жалғастыруда

Килиан Мбаппе «Реалдағы» гол санын арттыруын жалғастыруда

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025 жылы мадридтік «Реал» сапындағы 32-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Испания чемпионатының 2-турындағы «Овьедоға» қарсы ойында 37-минутта Арда Гүлердің пасынан кейін есеп ашты.

Бұл – Мбаппенің «Реал» жейдесінде 2025 жылы өткізген 37 матчындағы 32-голы. Ал ұлттық құраманың кездесулерін қоса есептегенде, ол биыл жалпы 41 ойында 34 гол соқты.