25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал Мадрид» қонақта «Овьедо» командасын ұтты

«Реал Мадрид» қонақта «Овьедо» командасын ұтты

Испания Ла Лигасының 2-ші турындағы «Овьедо» мен «Реал Мадрид» арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Овьедодағы Нуэво Карлос Тартье стадионында ойнады. Матчтың бас төрешісі қызметін бильбаолық Де Бургос Бенгоечеа атқарды. Қонақ команда футболшылары 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы алғашқы гол 37-минутта соғылды. «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе көзге түсті. 83-минутта Мбаппе дубль жасады. 90+3-минутта бразилиялық Винисиус матчтағы соңғы голды соқты.