25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» жанкүйерлері үшін Алматыдағы «Селтикпен» матч алдында қосымша билеттер сатылымда!

«Қайрат» жанкүйерлері үшін Алматыдағы «Селтикпен» матч алдында қосымша билеттер сатылымда!

25 тамыз күні сағат 13:00-де УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» — «Селтик» матчының қосымша билеттері сатылымға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың басылымына сілтеме жасап.

УЕФА-ның резервтен қайтарылған билеттердің есебінен клубқа шамамен 1000 орын қайтарылды. Енді оларды сатып алуға болады.

Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасынан, сондай-ақ «Қайрат» ФК және Ticketon сайттарынан сатып ала аласыз. Назар аударыңыздар: бір адамға — бір билет.