24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

4Pirates Dota 2 бойынша Ресей Сбер Кубогының жеңімпазы атанды

4Pirates Dota 2 бойынша Ресей Сбер Кубогының жеңімпазы атанды

Антон «PERDAN4IK» Сусловтың 4Pirates командасы Мәскеудің «VK Play Аренасында» өткен Dota 2 бойынша Ресей Сбер Кубогы 2025 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде 4Pirates командасы 7 ошибок құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондық атақ пен бір миллион рубль жүлдені иеленді.

  • Бірінші орын: 4Pirates — 1 000 000 рубль
  • Екінші орын: 7 ошибок — 500 000 рубль
  • Үшінші орын: 20Twice — 200 000 рубль
  • Төртінші орын: ТРУБОПРХОДЦЫ — 100 000 рубль

Екі күндік турнирге төрт команда қатысып, жалпы жүлде қоры 1,8 миллион рубльді құрады.