24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тартысқа толы ойында «Ақтөбе» жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тартысқа толы ойында «Ақтөбе» жеңіске жетті

ҚПЛ-дың 22-турында «Ақтөбе» «Орталық» стадионда талдықорғандық «Жетісуды» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті. Ойынды астаналық төреші Марат Искаков басқарды.

Алғашқы таймда алаң иелері есеп ашты: Еркебұлан Сейдахмет берген пасын Артур Шушеначев айып алаңының ішінен голға айналдырды. Екінші таймның басында осы дуэт тағы бір мәрте жұмыс істеп, Шушеначев дубль авторы атанды — 2:0.

Қонақтар ойынды қайта жандандырып, Жансұлтан Мұхаметханов пенальтиден гол соқты. Матч соңына қарай командалар алма-кезек нәтижелі соққылармен алмасып үлгерді: Уче Агбо «Ақтөбенің» басымдығын арттырды, ал Сұлтан Аскаров есепті қысқартты. Қорытынды — 3:2.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 39 ұпаймен турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. «Жетісу» 20 ұпаймен 10-сатыда қалды.