24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зайнутдинов пен «Динамо» РПЛ тарихына енді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зайнутдинов пен «Динамо» РПЛ тарихына енді

Мәскеудің «Динамосы»  Ресей Премьер-лигасы тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді: ресми статистика жүргізіле бастаған 2009 жылдан бері алғаш рет бір команда үш матч қатарынан қарсылас қақпасына 23-тен көп соққы жасады.

Рекорд орнатылған ойындар:

  • «Сочи» — «Динамо» — 29 соққы (1:1)

  • ЦСКА — «Динамо» — 24 соққы (1:3)

  • «Динамо» — «Пари НН» — 28 соққы (3:0)

16 жылда лигада шамамен 4000 матч өткенін ескерсек, бұған дейін мұндай серия тіркелмеген.

Ағымдағы маусымда Зайнутдинов «Динамо» сапында төрт ойын өткізді (үшеуі РПЛ, бірі Ресей кубогы), әзірге нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.