24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Семеймен» матчта Қазақстанның оныншы Суперкубогын жеңіп алды

«Қайрат» «Семеймен» матчта Қазақстанның оныншы Суперкубогын жеңіп алды

Оралдағы «Жайық Аренада» Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтті — ел чемпионы «Қайрат» Қазақстан Кубогының иегері «Семеймен» кездесті.

Ойын алматылық команданың минималды жеңісімен аяқталды — жалғыз голды бразилиялық жаңа ойыншы Рафао салды.

Командалар соңғы жарты жылда шешуші матчтарда үшінші рет кездесті:

  • Наурызда «Семей» Кубок финалында «Қайратты» 5:1 есебімен ойсырата жеңді
  • Маусымда алматылықтар плей-офф финалында 3:1 есебімен реванш алды

Бұл жеңіс «Қайрат» үшін мерейтойлық болды — клуб Қазақстан Суперкубогын оныншы рет жеңіп алды.