23.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы жалғасуда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы жалғасуда

Қазақстан Премьер-лигасының астаналық дербиі тосын нәтижемен аяқталды. Матчтың алғашқы бөлігінде «Астана» басым ойнап, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. 14-минутта Нұралы Жақсылық алыстан соққы жасап, есепті ашты. Бірінші тайм осылай аяқталса, екінші кезеңде жағдай түбегейлі өзгерді.

60-минутта Элгуджи Лобжанидзе таразы басын теңестірді, ал 73-минутта дубль авторы атанды. Одан кейін «Астананың» пайдасына пенальти белгіленіп, оны Назми Грипши дәл орындады (82-минут). Дегенмен, соңғы сөз «Жеңіс» ойыншысы Всеволод Садовскийдің еншісінде қалды — ол 90+3-минутта жеңіс голын соқты.

Ойын барысында «Астана» бас бапкері Андрей Демченко төрешінің шешіміне наразылық танытып, алаңнан қуылды.

Қорытынды есеп: «Жеңіс» — «Астана» 3:2 (0:1).

Голдар: Жақсылық 14 (0:1), Лобжанидзе 60 (1:1), Лобжанидзе 73 (2:1), Грипши (пенальти) 82 (2:2), Садовский 90+3 (3:2).

Турнир кестесінде «Жеңіс» 31 ұпаймен 7-орында, ал «Астана» 43 ұпаймен 2-сатыда тұр.