23.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дональд Трамп пен Джанни Инфантино Әлем чемпионатының финалдық жеребесі қашан өтетінін мәлімдеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дональд Трамп пен Джанни Инфантино Әлем чемпионатының финалдық жеребесі қашан өтетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА басшысы Джанни Инфантиноның қатысуымен Ақ үйде өткен шарада 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық жеребесі 5 желтоқсанда Вашингтондағы Джон Кеннеди атындағы Өнер орталығында өтетінін мәлімдеді. Бұл ақпаратты ФИФА да ресми түрде растады.

2026 жылғы мундиаль АҚШ, Канада және Мексикада өтеді, турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысады. Ашылу матчы 2026 жылғы 11 маусымда Мехико қаласында, ал финал 19 шілдеде Нью-Йорк/Нью-Джерсиде өтеді.