23.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» алдағы маусымға арналған жаңа жейделерін таныстырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» алдағы маусымға арналған жаңа жейделерін таныстырды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы келер маусымда мұз айдынына шығатын ойын формасын көрсетті. Презентация клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланған стильді бейнеролик түрінде өтті. Кадрларда команданың дәстүрлі түстері — ақ-көк және қою көк джерси көрсетілді. Таныстырылым «Барыс Арена» фонында түсірілген: жақын күндері дәл осы мұз айдынында жанкүйерлер сүйікті командасын қолдамақ.