22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

NBA 2K26 жаңа маусымның үздік баскетболшыларының рейтингін жариялады

NBA 2K26 жаңа маусымның үздік баскетболшыларының рейтингін жариялады

NBA 2K26 ресми сайтының мәліметінше, танымал баскетбол симуляторының әзірлеушілері жетекші ойыншылардың рейтингін жариялады — Никола Йокич пен Шэй Гилджес-Александер 98 ұпаймен көш бастады.

Үздік ондыққа енгендер:

  • Никола Йокич — 98
  • Шэй Гилджес-Александер — 98
  • Яннис Адетокумбо — 97
  • Лука Дончич — 95
  • Энтони Эдвардс — 95
  • Стефен Карри — 94
  • Леброн Джеймс — 94
  • Джейсон Тейтум — 94
  • Виктор Вембаньяма — 94
  • Кевин Дюрэнт — 93

Айта кетерлігі, Джоэл Эмбиид пен Энтони Дэвис үздік ондықтан шығып қалды — олар 92 және 93 рейтингпен 17-ші және 12-ші орындарға жайғасып, өз орындарын Энтони Эдвардс пен Виктор Вембаньямаға берді.