22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Суперкубок қарсаңында футзалдан «Семей» клубы жол апатына ұшырады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Суперкубок қарсаңында футзалдан «Семей» клубы жол апатына ұшырады

Meta-ratings.kz хабарлауынша, футзалдан «Семей» клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Суперкубок финалы алдындағы ресми шараға бара жатқан жолда жол-көлік оқиғасына тап болды. Бақытымызға орай, команданың барлық мүшесі дін-аман, ешкім зардап шекпеді. Инцидентке байланысты «Семей» делегациясы матч алдындағы баспасөз мәслихатына 10 минутқа кешікті.

Суперкубок финалы 23 тамыз күні Оралда өтеді. «Семейдің» қарсыласы — алматылық «Қайрат».