22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ислам Чесноков ҚПЛ-дың келесі матчына қатыспайды

Ислам Чесноков ҚПЛ-дың келесі матчына қатыспайды

«Тобылдың» 25 жастағы жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков алдағы ҚПЛ 22-туры аясында «Тұранға» қарсы ойынға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21-турдағы «Ордабасымен» (3:2) матчта Ислам Чесноков биылғы маусымда төртінші рет сары қағаз алды. Ол алдағы «Тұранға» қарсы матчты трибунадан тамашалайды.

Жалпы Ислам Чесноков ағымдағы чемпионатта 19 кездесу өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.