22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия чемпионатында Қазақстандық мергендер құрамасы 9 жүлде жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Азия чемпионатында Қазақстандық мергендер құрамасы 9 жүлде жеңіп алды

16–30 тамыз аралығында Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 жүлде жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс, 6 қола, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алтын жүлделер:

  • Ислам Сатпаев — 10 метрлік пневматикалық винтовка (жеке сайыс).

  • Артём Седельников — жасөспірімдер «скит» (жеке сайыс).

Күміс жүлде:

  • Әйелдер «скит» (командалық): Ольга Хайлова, Адель Садақбаева, Анастасия Молчанова.

Қола жүлделер:

  • Анастасия Молчанова — әйелдер «скит» (жеке).

  • ПП-3, жасөспірімдер (командалық): Кирилл Федькин, Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов.

  • ПП-3, жасөспірім қыздар (командалық): Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова, Асылым Жақия.

  • ПП-3, жастар (командалық): Кира Владимирова, Алиса Краденова, Софья Жукова.

  • ПП-микс, жасөспірімдер (жұп): Кирилл Федькин / Сәуле Әлімбек.

  • ПП-микс (жұп): Даниил Смирнов / Алиса Краденова.

Чемпионатқа 27 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр, 700-ден аса медаль сарапқа салынады. Жарыс Қазақстан нысана көздеу федерациясы мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтуде.