22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Болгариядағы турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Болгариядағы турнирге қатысады

Болгарияның Панагюриште қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-тің ресми басылымына сілтеме жасап.

Жарысқа Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Үндістан, Италия, Ирак, Қазақстан, Корея, Молдова, Румыния, Словакия, Сербия, Тайбэй, Украина, Франция және Жапониядан спортшылар қатысуда.

Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева, Дастан Кенжіғұлов, Сарвиноз Миркадирова, Владислав Захаров, Жанерке Көшкімбаева, Санжар Жұбанов, Искендер Харки және Ырысбек Артықметов өнер көрсетуде.