22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Кливлендте өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербиялық Александра Круничпен бірге қазақстандық ойыншы ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли дуэті 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен ұтты. Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Анастасия Детиюк/Мириам Скочпен (Чехия) ойнайды.

Еске салайық, Данилина мен Крунич 2022 жылы бұл турнирде бірге ойнап, финалға дейін жеткен, бірақ шешуші ойында сұрінген еді. Сондай-ақ, биыл жұптық сайыста қазақстандық-сербиялық жұп Франция ашық чемпионатының финалистері атанды.