21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ник Кирьос US Open–2025 турнирінен бас тартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ник Кирьос US Open–2025 турнирінен бас тартты

Уимблдон–2022 финалисі, австралиялық теннисші Ник Кирьос жарақатына байланысты алдағы АҚШ ашық біріншілігіне қатыспайды. Ойыншының өкілдері оның әлі де оңалту курсынан өтіп жатқанын, сондықтан маусымның басты турнирлерінің бірін жіберуге мәжбүр екенін хабарлады.

Бұған дейін Кирьос Цинциннатидегі ATP Masters 1000 жарысынан да шегінген еді. Ол биылғы топырақ маусымын (соның ішінде «Ролан Гаррос») толық өткізіп алды және шөп маусымына да оралған жоқ — Уимблдон мен өзге турнирлерге қатыспады.

US Open негізгі жеребесі 21 тамыз күні тартылады. Негізгі жарыс 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Нью-Йорктегі «Флашинг-Мидоус» корттарында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпиондары: ерлер арасында — Янник Синнер, әйелдер арасында — Арина Соболенко.