21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Бразилия құрамасының ойыншысымен келісімшартқа қол қойды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» Бразилия құрамасының ойыншысымен келісімшартқа қол қойды

Алматылық «Қайрат» футзал клубы 23 жастағы бразилиялық ойыншы Рафаэл Альмейда Сантоспен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады. Ол бұған дейін «Санто Андре» мен «Жоасаба» клубтарында өнер көрсетіп, мансабының бір бөлігін Латвияның «RFS Futsal» командасында өткізді.

Жастар құрамасындағы сәтті ойындарынан кейін Альмейда 2024 жылы алғаш рет Бразилияның негізгі құрамына шақырту алған.

Өткен маусымда «Қайрат» Қазақстан чемпионы атанып, финалдық серияда «Семейді» 3:1 есебімен жеңді. Бразилия құрамасының ойыншысын қатарға қосу – клубтың халықаралық деңгейдегі амбициясын тағы бір дәлелдейді.