21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Волков UFC-дегі атақ жекпе-жегін ала алмау себебін түсіндірді

Александр Волков UFC-дегі атақ жекпе-жегін ала алмау себебін түсіндірді

UFC-дің жоғары деңгейдегі ауыр салмақтағы спортшысы Александр Волков титулдық жекпе-жекке қол жеткізе алмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды UFC Eurasia.

Өкінішке орай, мен UFC матчмейкері емеспін. Егер болғанымда, 100% өзіме қолайлы жағдай жасар едім. Бірақ ондай мүмкіндік жоқ, сондықтан оңай жол іздемейміз. Белдіктер, чемпиондық жекпе-жектер мен сын тастаулар туралы көбірек айту керек еді, бірақ мен медиа кеңістіктен кетіп қалдым. Неге көп мақтанбаймын? Жеңіліп қалам ба деп қорқамын

Волковтың келесі жекпе-жегі 26 қазанда UFC 321 турнирінде өтеді — оның қарсыласы Жаилтон Алмейда болады. Кештің басты оқиғасы Том Аспиналл мен Сирил Ган арасындағы титулдық жекпе-жек болмақ.