21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің финалында «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Бұл тең нәтиже Қазақстан футболы үшін маңызды көрсеткіш болды. УЕФА-ның елдер рейтингінде Қазақстан бір саты жоғары көтеріліп, 38-орынға жайғасты.

Енді шешуші жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Қалай ойлайсыз, «Қайрат» өз алаңында жеңіске жетіп, топтық кезеңге шыға ала ма?