21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дохадағы басты жекпе-жек: Рахмонов – Брэди

Дохадағы басты жекпе-жек: Рахмонов – Брэди

Қараша айының 22-сінде Дохада қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0, UFC: 7-0) пен америкалық Шон Брэди (18-1, UFC: 8-1) арасында кездесу өтуі жоспарлануда, деп хабарлайды Спорт Шредингера порталына сілтеме жасап Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек Рахмоновтың P4P рейтингіндегі үздік 15 қатарға енгеннен кейінгі алғашқы айқасы болмақ. Жартылай орта салмақта Шавкат үшінші орында тұрса, Брэди екінші орында келеді. Жекпе-жектің жеңімпазы UFC чемпиондық белдігіне міндетті үміткер атанады.

Әзірге UFC Катар турнирінің ресми кардындағы жекпе-жектер жарияланған жоқ. Бұған дейін Брэди UFC ұйымынан ұсыныс алып, уақыты мен қарсыласқа келісімін бергенін айтқан еді. Дегенмен қарсы тараптың растауын күтуге байланысты келісімшартқа әлі қол қойылмаған.