21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ-тан әлем чемпионы Чавес-кішіні депортациялады

АҚШ-тан әлем чемпионы Чавес-кішіні депортациялады

Boxing Scene мәліметінше, Хулио Сесар Чавес-кіші АҚШ-тан Мексикаға депортацияланды — боксшы виза режимін бұзып, грин-картаны рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер берген.

Бұрынғы әлем чемпионы АҚШ аумағында өткен жылдан бері болған — 2023 жылдың тамызында алған визасының мерзімі бір жарым жыл бұрын аяқталған.

Мексикаға оралғаннан кейін Чавес-кіші жергілікті құқық қорғау органдарымен ұсталды — оны «Синалоа» қылмыстық тобымен байланысы бар деп күдіктенуде.

Боксшының соңғы жекпе-жегі өткен жазда Анахаймде өтті, онда ол кештің басты оқиғасында Джейк Полдан жеңіліс тапты.