21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық балуан қыз U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан қыз U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілішісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.

Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.