21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия чемпионаты: Қазақстан стенд атудан қола медаль жеңіп алды

Азия чемпионаты: Қазақстан стенд атудан қола медаль жеңіп алды

Шымкентте спорттық атудан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілішісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы стенд атудан өз жеріндегі турнирде қола жүлдеге ие болды.

Анастасия Молчанова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол «скит» бағдарламасында сәтті өнер көрсетті.

Алтын жүлдені Қытай спортшысы Цзян Итин жеңіп алды. Оның командаласы Чэ Юйфэй екінші орынға табан тіреді.