21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бистрица (Румыния) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші румыниялық Георгета Симионмен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу – грекиялық Сапфо Сакелларидимен сынға түсті.

Бірінші партияда румыниялық-грекиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екіншісінде Жібек пен Георгета есе қайырды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте бет қаратпады – 10:4.

Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева – Георгета Пришакариу финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, испаниялық Анджела Фита Болуда – швейцариялық Илена Ин-Альбонмен таласады.

Сәрсенбі күні осы матчтың алдында дүниежүзілік рейтингіде 318-орында тұрған қазақстандық теннисші жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 248-ракеткасы, португалиялық Матильде Жоргемен кездесті.

Жібек матчты тамаша бастады – 6:0. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады – 5:7, 2:6. Бұл тартысты ойын 2 сағат 7 минутқа созылды.