21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Галатасарай» мен «Сити» Аканджидің бағасына келісе алмады

«Галатасарай» мен «Сити» Аканджидің бағасына келісе алмады

Foot Mercato мәліметінше, «Галатасарай» мен «Манчестер Сити» Мануэль Аканджидің трансфері бойынша келіссөздерді жалғастыруда — тараптар футболшының бағасында 3 миллион фунт стерлингке келіспей отыр.

Түрік клубы 30 жастағы қорғаушы үшін 15 миллион фунт төлеуге дайын — ағылшын чемпионы 18 миллион сомасын талап етуде.

Стамбул клубының өкілдері Аканджидің агентімен келісімшарттың жеке шарттарын талқылау үшін кездесу өткізуді жоспарлап отыр.