20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футзал Суперкубогына үш күн қалды: «JAIYQ» аренасы жанкүйерлерді қарсы алуға дайын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Футзал Суперкубогына үш күн қалды: «JAIYQ» аренасы жанкүйерлерді қарсы алуға дайын

Жаздың соңына таяған шақта Қазақстанда футзал маусымы басталуға жақын. Суперкубок пен Кубок ойындары өтетін Оралға барып, дайындық барысы пысықталды. Қаңтарда ғана ашылған «JAIYQ» аренасының паркеті айнадай жарқырап, футзалшылар мен 1200 көрерменін қабылдауға толық әзір. Он алты залдан тұратын спорт кешені LED-экрандармен жабдықталып, суперкубок финалын нағыз шоуға айналдыруға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық жауапкершілікті толық өз мойнына алған Батыс Қазақстан облысының спорт басқармасы қойылған талаптарды толық орындап қана қоймай, суперфиналды жоғары деңгейде өткізуге бастамашы болды.