20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кадыров UFC чемпионы Чимаевке Maybach сыйлады

Кадыров UFC чемпионы Чимаевке Maybach сыйлады

«РИА Новости» хабарлауынша, Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Грозный әуежайында Хамзат Чимаевты жеке өзі қарсы алып — жаңа чемпионға Maybach автокөлігін сыйға тартты.

Хамзат Чимаевтың жеңісіне жүз пайыз сенімді болдым. Тіпті күмәнданған жоқпын, — деді Кадыров.

Чимаев UFC 319 турнирінде Дрикус дю Плессиді жеңіп, орта салмақта UFC чемпионы атанды — алайда оның өнер көрсету стилін бәрі бірдей жақсы бағаламады.

Чимаев өте нашар өнер көрсетті. Жанкүйерлер жігіттердің 25 минут бойы құшақтасқанын көргісі келмейді, — деп түсініктеме берді Пауло Коста.