20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дани Карвахаль: «Көп трофей жеңіп алғым келеді»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дани Карвахаль: «Көп трофей жеңіп алғым келеді»

Ла Лиганың бірінші турында «Реал Мадрид» «Осасунаны» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды пенальтиден Килиан Мбаппе соқты. Ойыннан кейін команда капитаны Дани Карвахаль матч жайлы пікірін білдірді:

«Ойында физикалық дайындықтың жетіспеушілігі сезілді. «Бернабеуде» қайта ойнағаныма өте қуаныштымын, мұнда мен зор махаббатты сезінемін. Енді бар назарымыз сенбі күнгі «Овьедомен» болатын матчқа ауды».

«Мен үшін қайта алаңға оралу — ерекше сәт. Қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет. Капитан болу — үлкен құрмет, және мүмкіндігінше көп трофей жеңіп алғым келеді».

Айта кетейік, Дани Карвахаль тоғыз ай үзілістен кейін қайта оралған болатын.